
2017 жылға қарай №2 Индустриялық паркі ашылады - А.Саябаев
Жариялау күні:
2015 жылдың 4 қыркүйек
Авторы:
Басқалар
Тег:
Өнеркәсіп
Разрешение:
1000 × 667 пикселдер
2017 жылға қарай Астанада №2 Индустриялық паркі ашылады. Бұл туралы арнайы баспасөз турының барысында «Астана - жаңа қала» АЭА әкімшелендіру басқармасы» ММ басшысының орынбасары Архат Саябаев хабарлады. «Бүгінде №1 Индустриялық паркінің аумағы 90 пайызға толтырылған деуге болады, инвесторлар біздің қаламызға үлкен қызығушылық танытуда, сондықтан №1 паркіне жақын жерде қала ішіндегі 433 гектар жерге Индустриялық паркін құру шешімі қабылданды. Біз 2017 жылға дейін бұл аймақтың пайдалануға берілетінін жоспарлап отырмыз.