
Сайрамдық тұрғын үйінің шатырын музейге айналдырды
Жариялау күні:
2021 жылдың 29 қараша
Авторы:
Басқалар
Тег:
Разрешение:
4000 × 2668 пикселдер
Түркістан облысы, Сайрам ауданының тұрғыны Сухраб Ирназаров үйінің шатырын музейге айналдырды. Музейге 1950 жылдан бері қолданыста болған телефондар мен магнитафондардың және теледидарлар мен фотоапараттардың жүздеген түрлері қойылған. Сухраб Әбдінәбиұлының бұл іске деген қызығушылығы 2014 жылдан басталыпты. Көлік қоятын гаражды тазаламақ болған ол керек емес заттарын шатырға шығарып тастаған. Кейін сұрыптап, қажеттілерін жинақтау барысында коллекцияға деген қызығушылығы артқан. Содан үйінің шатырына арнайы сөрелер жасап, жинаған бұйымдарын сонда іліпті.